Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды

код 1283723
Есть в наличии
Цена
3 950 ₸ 3 480 ₸

Подробности

Халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1992 жылы шыққан «Өтті дәурен осылай» деп аталатын естелік-эссесін көзі тірісінде түгелдей қайта қарап, оқырманның талап-тілегіне сай толықтырулар жасай келіп, кітаптың атын «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп өзгертіп еді. Мұнда өз өмірінің беймәлім беттерін ғана емес, өз заманының ірі тұлғалары Сталиннің, Маленковтың, Булганиннің, Хрущевтің, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың, тіпті Горбачевтің көпшілік біле бермейтін жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мәдени және әлеуметтік тыныс-тіршілігін жан-жақты әңгімелеп береді. Елдің игі жақсылары туралы да шет қалмайды. Кезінде жылы жауып қойылған Теміртау оқиғасы, Семей полигоны, Арал мәселесі, Желтоқсан оқиғасының зардабы, сондай-ақ тілге, дінге, ділге қатысты көкейтесті сұрақтардың жауабын алға тартады. Ұлттық сана, әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ой-толғамдарын ортаға салады. Кешегі кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жасайды.

Кітап қалың оқырманға арналған.

Дополнительная информация

Дополнительная информация
АвторҚонаев Д.
ЖанрБиографии, мемуары
ИздательствоMeloman Publishing
Возраст16+
Год издания2022
Количество страниц536
ПереплетТвердый переплет
ЯзыкКазахский
Страна производительКазахстан
Размер, мм220х150х25
Вес, г620

Отзывы (6)

★★★★★
★★★★★