Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Бұл кітаптың "Ұлы даланың Ұлы тарихы" деп аталуының басты себебі мен мақсаты - сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп тіршілік еткен түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен "қазақ" деп аталған халықты құраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекен-жайлары мен атақоныстары, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы деректерді әлем ғалымдары мен тарихшылары мойындаған әйгілі парсы және араб тіліндегі еңбектердің негізінде дайындау және оларға қатысты шыншыл түсініктемелер жасау, еуроцентристік көзқарас негізінде бұрмаланған тұстарын нақты дәлелдер арқылы көрсету, кейбір ақтаңдақ болып келген тұстарының орнын тың деректермен толықтыру және Ұлы даланың көптеген даңқты перзенттері ежелгі заманнан бері ұлы империялар құрған "Ұлы Билеушілердің " шыққан тегі мен ата қоныстары туралы нақты да, дәлелді деректер келтіру болып табылады. Олар адамзат тарихына тегеуірінді ықпал жасап, оның өркениетіне өшпес із қалдырдырған. Солардың ішінде Шыңғыс хан мен Әмір Темірдің алатын орны ерекше екені белгілі. ХІІІ ғасырда әлем билеушісі Шыңғыз хан Еуразия кеңістігінде алып империя құрып, оны әйгілі төрт ұлысқа (мемлекетке) бөліп, оларды оның даңғты перзенттері Жошы, Шағатай, Үгетай, Төле хандар және олардан тараған ұрпақтары бірнеше ғасырлар бойы билегені белгілі. Сосын Шағатай ханның билік құраған мемлекетінде өмірге келіп, аталған империяны едәуір кеңейтіп, оған қоса Шам мен Үндістанды түгілдей иеленген Әмір Темір көрегеннің Шыңғыз ханның аталас жақын туысқаны екені әлем жұртшылығына әлі күнге дейін мәлім емес. Оның бірнеше себептері бар. Олар туралы осы кітапта нақты деректер мен егжей-тегжейлі түсініктемелер келтірілді.
| ISBN | 9786018077289 |
|---|---|
| Вес, г | 485 |
| Год издания | 2019 |
| Автор | Оразбай З. |
| Издательство | BRK Group |
| Размер, мм | 215х155х25 |
| Язык | Казахский |
| Жанр | История Казахстана и Центральной Азии |
| Возраст | 16+ |
| Переплет | Твердый переплет |
| Страна производитель | Казахстан |
