Сұн Зы: Соғыс өнері

Код:
1428521
Есть в наличии
exp_almaty_mar
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 2 550 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание
«Небәрі 30 мың сарбазы бар адам болған және патшалықта оған ешкім қарсы тұра алмады. Бұл кім? Жауап беремін:  Сұн Зы». Осылай Ежелгі Қытайда барлық уақыттағы және халықтағы ең ұлы қолбасшылардың бірі,  «Соғыс өнері» трактатының авторы туралы айтып жүрді.
Сұн Зы жалдамалы әскери адам болды: көптеген жеңістің есебінен Ежелгі Қытайдың басқа патшалықтары арасында жетекші орынға иеленіп, көтеріле алған У патшалығына қызмет етті. Дегенмен, «Соғыс өнері»  —  бұл шайқас айласы мен стратегиясына арналған кәсіби нұсқаулық ғана емес. Бұған қоса ол —  қолбасшы мен оның әскерінің жан күйі қандай болуы керектігі туралы ақыл-ой философиясы және соғыс пен жеңістің құны жайлы терең ойлар. 
Кітап «Алдын ала есептеулерден» бастап «Тыңшыларды пайдалану» дегенге дейін соғыс ережелерін жан-жақты қамтитын 13 тараудан тұрады. Әлбетте, бұл ережелер тек соғысқа ғана емес, бейбіт уақытқа да жарайды, мысалы, —  бәсекеге қабілетті бизнесті құру кезінде. Сондықтан кітап кәсіби әскерилерге ғана емес, тактика мен стратегияның қыр-сырын меңгергісі келетіндердің барлығына пайдалы болмақ.

Оқырмандар соғыс өнерін қалай түсіну керектігін және бейбіт өмірде тактика мен стратегияны жетілдіру жолын біліп,  әскер мен қолбасшылардың мәселелерін жақсырақ түсіне алады. Соғыс өнерінің философиясын, теориясы мен тәжірибесін біріктіретін бұл мәтін Ежелгі Қытайдағы қолбасшының бірқатар жеңісінен шабыттанған трактат ұсынады. Б.з.д. VI ғасырда жазылса да өзектілігін жоймаған бұл кітап кәсіби әскери қызметкерлерге және әскери өнер мен ғылымға қызыққан кез келген адамға арналған. 

Дәйексөздер: 
Сұн Зының айтуынша, cоғыс ережесіне сәйкес ең жақсысы  — қарсылас мемлекетті бүтін сақтау, екінші орында   —  бұл мемлекетті талқандау. Ең жақсысы  — қарсылас мемлекеттің әскерін бүтін сақтау, екінші орында  —  оны сындыру. 

Соғыс ұзаққа созылып, мемлекетке тиімді болатындай жағдай бұрын-соңды болмаған. Сондықтан соғыстың барлық зиянын толық түсінбеген адам соғыстың барлық пайдасын да толық ұға  алмайды.

Соғыс жүргізе алатын адам екі рет әскер жинамайды, үш рет азық-түлік тиемейді; әскери жабдықтарды өз мемлекетінен алады да,  азық-түлікті қарсылас жақтан алады. Сол себепті оның жауынгерлерге берер тамағы жеткілікті болады.
Сұн Зы  —  б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген қытай қолбасшысы, стратег және ойшыл. Ол өзінің біраз жеңістерімен У патшалығының көтерілуіне үлес қосты. Әскери стратегия туралы әйгілі «Соғыс өнері» трактатының авторы.

Характеристики
ISBN 978-601-7147-90-7
Автор Сунь-Цзы
Жанр Философия
Издательство Zerde Publishing
Издание Соғыс өнері
Возраст 12+
Год издания 2023
Количество страниц 95
Переплет Твердый переплет
Страна производитель Россия
Язык Казахский
Отзывы 0
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть