Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Ұлттық нақышпен жасалған «Зерде дамыту терапиясы» құралының елімізде әлі баламасы жоқ. Кітап арт-терапияға негізделген, арт-терапия дегеніміз – өнермен емдеу. Кітаптағы ақ-қара суреттерді түрлі-түсті қаламдармен бояу арқылы адам жадындағы керек емес ақпараттарды, реніші мен өкпесін, жүрегінде қалған ішкі психоэмоционалдық оқиғаларды немесе бойындағы қорқынышы мен үрейді ажырата алады. Көпшілік адам жан дүниесін кеміріп жатқан кейбір құпияларын іште жасырып, сол негативпен жылдар бойы өмір сүреді. арт-терапияның бір кереметі – адам ешкімге айта алмай жүрген немесе айтқысы келмей жүрген сол сырларын кітаптағы суреттерді бояп отыру арқылы сыртқа шығарып тастайды. Кітап авторы Мұхит Сапарбаев – елімізде кең таралған «бақыт» пен «ақша» атты жаңа туындының авторы әрі журналист, тележүргізуші, халықаралық деңгейдегі коуч-маманы, жеке даму бойынша тренер. еліміздің психология саласының дамуына өзінше үлес қосып жүрген Мұхит Сапарбаевтың «Зерде дамыту терапиясы» – ақ-қара түсті суреттерді бояу арқылы стрестен арылуды мақсат тұтқан құрал. Кітаптың тағы бір ерекшелігі – қазақы салт-дәстүрімізді, тарихымызды насихаттай отырып, ұлтқа, елге деген махаббатты арттырудың ролін атқара алатындығында. «Зерде дамыту терапиясы» психолгиялық көмек құралы ғана емес, тұлғаның үйлесімді дамуына айрықша әсер етпек. бояу арқылы стрестен арылу «Зерде дамыту терапиясы» – кез келген жанның ешкімнің қатысуынсыз-ақ өз-өзін өнер арқылы емдеп алатын әрі табиғи, әрі қолайлы, әрі таптырмайтын әдіс. Кітап барлық жастағы оқырмандарға арналған.
| Вес, г | 219 |
|---|---|
| Автор | Сапарбаев М. |
| Год издания | 2021 |
| Издательство | Medialive |
| Жанр | Рисование |
| Возраст | 16+ |
| Количество страниц | 110 |
| Переплет | Мягкая обложка |
| Размер, мм | 148х210х10 |
| Язык | Казахский |
