Киссинджер Г., Шмидт Э., Хаттенлокер Д.: Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәүірі

Код:
1394116
Есть в наличии
exp_almaty_mar
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 4 650 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание

2017 жылы AlphaZero нейрон желісі үздік шахматшы атанды. Ойын ережесін ғана білетін ол небәрі төрт сағаттың ішінде бірегей жеңіс тактикасын құрастыра алды. Үш жылдан кейін Массачусетс технология институтындағы жасанды интеллект бағдарламасы біршама күрделірек тапсырманы орындай алды   —   антибиотиктің жаңа түрі галицинді ойлап тапты. Ол барлық басқа дәрілік препараттарға төзімді бактерияларды жоя алады. 

Бағдарламалық қамтамасыз ету өмірдің барлық саласында еніп жатыр: көлік индустриясында, медицинада, саудада, қаржыда, құқық қорғау органдарында және басқа салаларда қолданылады. Нейрон желілері өмір бойы не ондаған жылдар бойы зерттеумен айналысатын адамдарға қарағанда идеялар мен инновацияларды тез ойлап таба алады. Ғалымдар ЖИ арқасында жаһандық мәселелерді шеше алатынымызға сенеді: қатерлі дерттерге дәрілер табу, белгілі бір аймақтардағы аштық пен төмен білім деңгейін шешу, мұхиттар мен ғарышты қауіпсіз игеру. Бірақ жасанды интеллектті пайдаланудың теріс салдары да болуы мүмкін, өйткені оның жұмысындағы көптеген процесс адамдар үшін түсініксіз болып қалады.

Бұл кітаптың авторлары ЖИ пайда болуына байланысты мүмкіндіктер мен қиындықтар туралы пайымдарды жинады. Олар біздің тарихымызда болуы мүмкін түбегейлі өзгерістерді, әлемді ұғынуды және ондағы рөлімізді түсіндіреді және ЖИ-дің қоғамымыздың болашағына әсерін түсінуге көмектеседі.

Дәйексөздер:
«Бұл кітаптың мақсаты —  ЖИ  туралы айту, оған қатысты қоғам алдағы жылдарда кездесетін мәселелерді тұжырымдау және соларды шешуге көмектесе алатын құралдарды анықтау».

«Ақпаратты меңгеру және өңдеуге бірегей қабілеттері бар ЖИ-дың пайда болуы бірқатар шешілмеген сұраққа жауап бере алады және жаңа сұрақтарды тудырады. Біз олардың кейбірін осы кітапта айтып беруге тырыстық».

«ЖИ-ді алдыңғы технологиялардан ерекшелендіретін нәрсе —   оның қарқындылығы және күтпеген әрекеттер мен шешімдер қабылдау қабілеті. Реттелмеген және бақылаусыз, ЖИ біздің саналы бұйрығымызсыз біз күткендей қалағанымызды орындамауы мүмкін».

ЖИ-мен бетпе-бет келгенде оның пайымын құдайшылдықтың көрінісі ретінде бағалауға асық болатын адамдар табылады. Бұндай әрекеттер қате болса да, мәнін мүлде жоғалтпайды, егер түсінуге немесе бақылауға келмейтін «интеллект» пайдалы қорытындылар жасаса, неге оның пайымдарына бағынбасқа – тіпті олар жат болып көрінсе де? Осылайша, кейбіреулер терең түсініксіз және ақылсыз сенетін көріпкел рөліндегі ЖИ-мен жаңа жаһандық «дін» пайда болуы мүмкін. Мұндай табынушылық адам санасының рөлін төмендетеді».

Генри Киссинджер — американдық мемлекет қайраткері, дипломат және халықаралық қатынастар бойынша сарапшы,  Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші және АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы.
Эрик Шмидт  —Alphabet компаниясының техникалық кеңесшісі, АҚШ президенті Барак Обама жанындағы Ғылым және технология кеңесінің мүшесі, Ұлттық инженерлік академия және АҚШ өнер мен ғылым академиясының мүшесі, бейкоммерциялық New America Foundation қорының жетекшісі. 

Дэниел Хаттенлокер — Массачусетс технологиялық институтының Шварцман компьютерлік колледжінің деканы. 

Характеристики
Автор Киссинджер Г., Шмидт Э.
ISBN 978-601-80110-7-8
Жанр Научпоп
Год издания 2023
Переплет Твердый переплет
Количество страниц 192
Размер, мм 60x90x16
Вес, г 350
Язык Казахский
Страна производитель Казахстан
Возраст 16+
Издательство Zerde Publishing
Отзывы 0
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть