«Сипайық-көрейік» сериясының «Жәндіктер» тактильді кітабы – жәндіктер әлеміне көңілді саяхат!
КІТАПТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
- Әр беттегі тактильді элементтер – жұмсақ, тегіс немесе кедір-бұдыр текстуралар ақпаратты сипап сезу арқылы қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі.
- Үлкен әрі жарқын иллюстрациялар – балақай суреттерге бірден назар аударып, зейін қойып ұзақ қарайды.
- Тіл дамытады – бала мұндағы тақпақтарды жаттап, сөз үйренеді.
- Әртүрлі жәндіктермен танысу – балақай шегіртке, көбелек, қызыл қоңыз және т.б. жәндіктерді біліп жүреді.
- Жаңа туған нәрестеден бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған – балақайдың дамуына пайдалы.
КІТАПТЫҢ ПАЙДАСЫ:
1. Сипап сезу қабілетін дамытады: әртүрлі текстураларды сипап, ұстап көру арқылы сенсорлық қабылдау қабілеті жетіледі.
2. Тіл дамытады: кітаптағы өлеңдер сөздік қорды байытып, ой-өрісін кеңейтеді.
3. Қол моторикасын жақсартады.
4. Зейінін тұрақты, қиялын ұшқыр етеді: кітаптың жарқын суреттері мен интерактив бөліктері балақайға кітап оқуға зейін қойып, қиялдай білуге көмектеседі.
5. Берік, сапалы материалдардан жасалған: кішкентайлар кітаптың қалың қартон беттерін жыртып тастамайды.
6. Ата-аналардың демалуына сеп болады: бала мұндай кітаптарды өзі зерттеп, қызықтап оқығанды жақсы көреді, сондықтан ата-ана 30 минуттай бос уақыт тауып, тынығып алады.