Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Байбота Қошым-Ноғай – балалалар әдебиетіндегі белгілі, айтулы ақын. Көп жылдардан бері осы салада келе жатыр. Республикалық «Балдырған» журналында қызмет етеді. «Жан-жануарлар мен құстар әліппесі» кітабы түрлі-түсті жапсырмаларымен шыққанын атап айтайық. Ол жапсырмаларды бүлдіршіндер тиісті әріптің тұсына жапсырады. Кітапта әр әріпке бір аңға, бір құсқа екі жолдық ұйқаспен өлең жазылған.
Мысалы А әрпіне былай жазылыпты:
Аң патшасы АРЫСТАН,
Айбат шегер алыстан.
АҚСҰҢҚАР – құс төресін,
Тек биіктен көресің.
Л әрпіне:
ЛАМА – түйе тұқымдас,
Ол да аңшыдан құтылмас.
ЛАШЫН ұстап жемтігін,
Басып отыр ентігін.
5-7 жас арасындағы балаларға әріптерді қызықтырып үйрететін бұл кітап суретпен, әдемі, ыңғайлы болып шыққан. Байбота Қошым-Ноғай бұл кітабы арқылы балалар әдебиетіне ғана емес, оқу-ағарту саласына да үлес қосып, олжа салып отыр.
| Артикул | 1280602WB |
|---|---|
| Язык | Казахский |
| Жанр | Для дошкольников |
| Автор | Қошым-Ноғай Б. |
| Год издания | 2022 |
| Серия книг | Жапсырмалы оқулық |
| Издательство | Асыл кітап |
| ISBN | 978-601-7667-22-1 |
| Возраст | 0+ |
| Количество страниц | 40 |
| Переплет | Мягкая обложка |
| Иллюстрации | да |
| Размер, мм | 170х215х3 |
| Вес, г | 80 |
| Страна производитель | Казахстан |
