Омарбеков Т.: Орталық Азия көшпелілері өркениетінің тарихы. 4тт.

Код:
957998
Цена 10 490 ₸
Мы можем оповестить Вас, когда товар появится в наличии:
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание

Орталық Азия көшпелілері: этнотерриториясы мен мемлекеттілігінің мәселелері
«Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттейтін» республикалық ғылыми орталықтың ғылыми-қолданбалы бағдарламасы» бойынша жарық көріп отырған «Орталық Азиядағы көшпелілер өркениеті» атты ұжымдық монографияның бірінші томында ерте ортағасырлардан XIX ғасырларға дейінгі кезеңдегі көшпелілерінің этноаумағының қалыптасуы, мемлекеттілік эволюциясы, әскери өнерінің мәселелелері қамтылған. Сондай-ақ, зерттеудің бір бөлігі көщпелілердің Ресей құрамындағы империялық басқару жүйесіне тартылуын, отарлық басқару жүйесінің қалыптасуы мен ерекшеліктерін және салдарларын талдауға арналған. Зерттеуде тарихымыздағы әлі де «ақтандақ» мәселелер көптеген тың мәліметтер негізінде баяндалған.
Ол тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, көшпелілер өркениеті мен тарихының күрделі мәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.

Орталық Азия көшпелілерінің дәстүрлі мәдениеті: негіздері және тарихи сабақтары
Монографияда көшпелі қоғамдағы кеңістік пен уақытқа көзқарас, дәстүрлі мәдениеттің өркендеу мәселелері, халықтық наным-сенімдер мен тиымдар жүйесінің табиғатпен байланысы, отырықшы және көшпелі тұрғындардың этномәдени және конфессияаралық үдерістері, көшпелі өркениет жүйесіндегі қалалардың дамуы, тарихнамадағы түркі-соғдылық байланыс тәрізді концептуалды мәселелері көрініс тапқан. Зерттеуде көшпелілердің дәстүрлі мәдениетінің тарихы мұрағаттық құжаттар және этнографиялық далалық экспедиция мәліметтері бойынша негізделген, сондай-ақ онда мұрағаттық деректер негізінде большевиктердің жер саясаты мен көшпелілерді отырықшылыққа күштеп көшіру кезіндегі дәстүрлі шаруашылықтың күйреу мәселелері қамтылған.
Монография осы мәселеге қызығушылық танытқан ғылыми қауым мен көпшілік оқырманға арналған.

Орталық Азия көшпелілеріндегі этно-саяси үдерістер, әулеттік басқару және жауынгерлік өнер
«Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу» бойынша республикалық ғылыми орталықтың ғылыми-қолданбалы бағдарламасы» бойынша жарық көріп отырған ұжымдық монографияның үшінші томы ерте ортағасырлардан бастау алатын көшпелілердің этнотерриториясының мәселелерін, кейінгі қазақ халқын құраған Алаш қауымдастығының белді тайпаларының көші-қон үдерістерін, Алтын Орда аймағындағы көшпелілердің мемлекеттік жүйесін, көшпелілер қоғамындағы батырлардың ерлік дәстүрлерін талдауға арналған. Зерттеуде көшпелілер тарихының бұрын ғылыми әдебиетте көтерілмеген тың мәселелері қозғалады.
Зерттеу еңбек тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, көшпелілер өркениеті мен тарихының күрделі мәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.

Орталық Азия көшпелілерінің дәстүрлі өркениетінің өркендеуі және күйреуі
Монографияның 4-томында Орталық Азия және қазақ жеріндегі адам мен табиғат арасындағы байланыс, табиғатты пайдалану карекеттері, қазақтар және түркі халықтарының мифологиялық дүниетанымы, байырғы тайпалардың аңшылық әдістері, қазақтардың тіршілік қамы жүйесіндегі маңызды фактордың бірі судың адам өмірінде алатын орны, қазақ халқының құдық қазу, шығар орнатудың дәстүрлі технологиясын меңгеру ісіндегі тәжірибесі, көшпелі және отырықшы халықтарының арасындағы этномәдени байланыстар, мәдени ықпалдастық, дәстүрлі қазақ қоғамындағы дәстүрлі шаруашылықтың ырғағы мәселелері көрініс тапқан. Сондай-ақ кеңестік күштеу саясаты салдарының әлеуметтік-демографиялық аспектілері, кеңестік биліктің ауқатты шаруалар және жекешелер қожалықтарын күйретуі, қазақ даласындағы ұлттық территориялық межелеу процесінің құқықтық нормалары және жергілікті саяси элита қызметі, ашаршылықтың қазақ халқына алып келген зардаптары мен қасіреті мәселелері мұрағаттық деректерге сүйеніп жазылған тарихнамалық талдаулар мен авторлық көзқарастар берілген.

Характеристики
Автор Омарбеков Т.
ISBN 978-601-04-1599-7
Жанр История Казахстана и Центральной Азии
Издательство Баспа үйі Қазақ университеті
Возраст 16+
Год издания 2015
Переплет Коробка
Размер, мм 210х120х20
Язык Казахский
Отзывы 0
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть