Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
«Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясының екінші кітабы «Серт» деп аталады әрі оның арқауы – Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихы мен тағдыры. Туындыда Кенесары көтерілісінің ерлік даңқы мен трагедиялық тағдыры тарихи-әдеби желі тартып баяндалады.
Сондықтан роман-эпопеяның бас қаһарманы – халық, Кенесары кейпіндегі қазақ.
Бірінші кітапта Қазақ хандығының құрылу кезеңі көркем кестеленсе, екінші кітап соңғы ханы Кенесарының қаза табуымен бірге шаңырағының құлағанына дейінгі дәуірді қамтыған.
Романдағы бір-бірінің жігі ажырамай, жымы білінбей үйлесім тауып отыратын тарихи оқиғаларға құрылған әдеби сюжеттердің эпизодтық құрылымы бекем. Осылардың бірінен екіншісіне көшкенде оқырман ешбір кедергіні сезінбейді. Жүгі ауыр шығарма жеңіл оқылады.
Сондай-ақ бұл кітаптың қоғамдағы тарихи сананы қалыптастыруда елеулі рөл атқарары сөзсіз.
| Автор | Ыбырайымұлы Ә. |
|---|---|
| Год издания | 2022 |
| Жанр | Исторический роман |
| Издательство | Мазмұндама Баспасы |
| ISBN | 978-601-800-953-2 |
| Возраст | 12+ |
| Количество страниц | 416 |
| Переплет | Твердый переплет |
| Размер, мм | 222х150х21 |
| Вес, г | 534 |
| Язык | Казахский |
| Страна производитель | Казахстан |
