Синек С.: Неге деген сұрақтан бастаңыз

Код:
1430888
Есть в наличии
exp_almaty_mar
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 5 790 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание
Саймон Синек - 1973 жылы Лондонның Уимблдон ауданында дүниеге келген; көшбасшылық және тұлғалық даму бойынша танымал сарапшы, мотиватор; Ernst & Young, American Airlines, Disney, Deutsche Bank, Mars және т.б. компанияларға кәсіби қызмет көрсететін Sinek Partners консалтинг агенттігінің негізін қалаушы. Ол Leaders Eat Last: Why Some Teams Pull Together and Others Don't (Көшбасшылар асты ең соңынан ішеді: ұйымшыл команданы қалай құруға болады) және Find Your Why: A Practical Guide for Discovering Purpose for You and Your Team («Неге» деген сұрағыңның жауабын тап. Көздеген мақсатқа жетудің практикалық нұсқаулығы) атты бестселлер кітаптары арқылы әлемге танылды. С. Синектің TED сайтындағы «Неге» концепциясы туралы дәрістері 35 миллионнан астам қаралыммен TED тарихындағы танымал бейнероликтердің тізімінде үшінші орында. Синек Колумбия университетінде стратегиялық коммуникациялар бойынша дәріс оқиды.

Компанияның толымды табысының сыры миллиондаған инвестицияда емес, НЕГЕ деген сұрақтың астарында жатыр екен. Қолыңыздағы кітаптың авторы, белгілі америкалық жазушы әрі мотивациялық спикер Саймон Синектің тұжырымы осындай. Бүгінгі таңда көшбасшылық қасиетінің арқасында әлемге танылып, халықты соңдарынан ерте білген жандардың, сондай-ақ бизнес саласында өзгелерден оқ бойы озып, атағы дүрілдеп тұрған компаниялардың орасан зор жетістікке жетуінің құпиясы неде, жұртты қалайша өзіне баурап алады, міне, кітап осы мәселелерге назар аудартады. Бизнестегі басты құндылық – НЕ өндіріп жатырмын деген сұрақ емес, осы өнімді халыққа НЕГЕ ұсынып отырмыз деген ізгі ой. НЕГЕ деген сұрақтың аясында адамгершілік пен адалдық, сызатсыз сенім мен шексіз сүйіспеншілік жатады екен.
Кітап бизнесмендерге, өз ісін дамытсам деген ниетте жүрген кәсіпкерлерге, жалпы оқырман қауымға арналған.
Характеристики
Автор Синек С.
ISBN 978-601-371-024-2
Жанр Бизнес
Издательство Мазмұндама Баспасы
Серия книг Qazaqsha 100 bestseller
Возраст 16+
Год издания 2023
Количество страниц 296
Переплет Мягкая усиленная обложка
Язык Казахский
Страна производитель Казахстан
Размер, мм 214х144х13
Вес, г 320
Отзывы 0
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть