«Пайдалы бола бiл» кітабы Арнольд Шварцнеггерді басқа қырынан тануға көмектеседі. Бодибилдиңмен айналысып, «Терминатор» фильмінің барлық бөлімін көріп тастап, Американың саясатын жақсы танысаңыз да, сіз оның бұл қырын ешқашан көрмегенсіз. Он жыл бұрын Холливудтың атақты жұлдызы, ұлы спортшы, кәсіпкер әрі саясаткер өмірде оңбай сүрініп, бірақ қайта аяққа тұрып, өз өмірі мен мансабын қалпына келтіргенін бірі білсе, бірі білмес. Шварцнеггер қиындыққа мойымай, алға жылжу үшін өмірлік қағидасын құрып, оны осы кітапта тәптіштеп баяндайды. Автор ағынан жарылып, басынан өткен тәжірибесін бұқпай, ашық айтып, табандылық пен өжеттік танытып, өмірді қалпына келтірудің қарапайым ережесін ұстана отырып, өмірді өзгертуге деген жаңа мақсатты қалай табу керектігін айтады. «Пайдалы бола бiл» кітабы өзін және әлемді жақсы жағына өзгерткісі келген немесе «Темір Арниді» жаңа қырынан көргісі келген әрбір оқырманға ұнайды.
Автор | Шварценеггер А. |
---|---|
Переплет | Твердый переплет |
Издательство | Zerde Publishing |
Жанр | Биографии, мемуары |
ISBN | 978-601-82155-3-7 |
Количество страниц | 156 |
Язык | Казахский |
Страна производитель | Россия |