Сіздің қалаңыз:Алматы
Сіздің қалаңыз: Алматы
«Соғыс және бейбітшілік» - орыс жазушысы Лев Толстойдың әлемге әйгілі шығармасы. Туындыда кейіпкерлердің әрқайсысының өмір жолы арқылы тұтас халықтың тарихы ғана емес, психологиясы да суреттелген. Әлем әдебиетінде Лев Толстой сияқты соғыс және бейбітшілік тақырыбы негізінде текті мен тексіздің психологиясын һәм табиғатын анықтап, оның бетпердесін ашып берген жазушы болған емес. Бұл роман адамзат тарихының, адамның ары мен жан тазалығын сақтап қалудың қайталанбас көркем шежіресі болып қала бермек. Сондықтан Толстой бүгін де оқылады, бүгін де әлемдік кино индустриясының басты мәтіні болып келеді.
Лев Николаевич Толстой (1828-1910) - орыстың ұлы жазушысы, ойшыл, ағартушы, публицист. Оның шығармаларын бүкіл әлем сүйіп оқиды. «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Балалық шақ. Жастық шақ. Жігіттік шақ», «Севостополь әңгімелері» атты туындыларын бірнеше рет қайталап оқыған сайын адамның алдынан жаңа дүние ашылғандай болады. Толстойдың мұрасы 165 000 парақ қолжазбадан тұрады, ал оның бүкіл жинағы 90 томды құрайды.
| Тіл | Казахский |
|---|---|
| Жанр | Русская классика |
| Автор | Толстой Л. Н. |
| Басылым жылы | 2023 |
| Кітаптар сериясы | Qazaq Classics |
| Баспа | Мазмұндама Баспасы |
| ISBN | 978-601-7688-35-6 |
| Жасы | 14+ |
| Бет саны | 1728 |
| Түптеу | Твердый переплет |
| Размер, мм | 205х150х99 |
| Салмақ, г | 2063 |
| Өндіруші ел | Қазақстан |
