Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
Дулат Исабековтің шығармаларында қоғам, әлеумет, не тарих емес, адам жаны әрдайым басты планда. Ол өзінің әңгімелері мен повестерінде жұрт ішінде жүрген, бірақ сол жұрт байқай бермейтін елеусіз жандардың ішкі жан-дүниесін, олардың тауқыметті тағдырын терең суреттейді. Мәселен, қолыңыздағы кітапта берілген «Сүйекші» повесінің кейіпкері Тұңғыш сияқты диуана, қабір қазушы секілді кәсіптен несібесін айырған жандардың арман-мұраты, тыныс-тіршілігі көп адам үшін беймәлім. Жазушының қырағылығы мен шеберлігі болса керек, адамдар арасындағы осындай «Үндемес» жандардың басындағы мұң-зарды, трагедияны бір ғана кейіпкердің баянсыз ғұмыры арқылы бере білген.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.
Жанр | Казахская Классика |
---|---|
Язык | Казахский |
Год издания | 2021 |
Автор | Исабеков Д. |
Серия книг | Qasym kitaphanasy |
Издательство | Qasym баспа үйі |
ISBN | 978-601-7645-83-0 |
Возраст | 12+ |
Количество страниц | 80 |
Переплет | Мягкая обложка |
Размер, мм | 115х180х5 |
Страна производитель | Казахстан |