Орманбаева Д.: #ДАНÁМЕНБАЛА

Код:
1168695
Есть в наличии
exp_almaty_mar
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 16:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 4 900 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 3 месяцев

Описание

БІРІНШІ РЕТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ОТБАСЫ ҮШІН ПАЙДАЛЫ КІТАП.

Заманауи отандық кітап қоры тағы бір тамаша туындымен толықпақ. Журналист, қоғам қайраткері, продюсер және DBA Дана Орманбаева бала тәрбиесі туралы #ДАНÁМЕНБАЛА атты кітабын жарыққа шығарады.

#ДАНÁМЕНБАЛА – Дана Орманбаеваның 2018 жылы #МЫНЕРУГАЕМДЕТЕЙ деген атпен таралған бесінші публицистикалық еңбегі. Екі жылда оқырман жүрегін жаулап, бала тәрбиесі туралы ізденушілердің сүйікті туындысына айналып, отандық кітап сатылымының үздігі атанды. Бұл кітап Дананың алғашқы үш кітабы сияқты self-менеджмент тақырыбын, төртінші кітабы сияқты сенім феномені тақырыбын қозғамайды. Тұтастай бала тәрбиесі мәселелеріне арналған.

Біз балаларымызды дұрыс тәрбиелеп жатырмыз ба? Олар лайықты азамат болып өсуі үшін әке-шеше не білуі керек? Тәрбиелеуде ең маңызды мәселе қандай? Бала тәртіпті болу керек пе, бақытты болу керек пе? Оның бақытты болуына әке-шеше қалай әсер ете алады? Осы сұрақтардың бәрі кез келген саналы ата-ананы толғандырады.

Автордың пікірі бойынша, үлкендердің бала тәрбиесі туралы осы уақытқа дейін білгендері ескірді, іске жарамай қалды, сәннен де шықты, ең қиыны дұрыс нәтиже бере алмай жатыр. Ал қазіргі «зеталар» - жаңа буын ұрпақтарына тәрбие беруде инновациялар керек.

Осы орайда автор өзінің 27 жылдық белсенді және саналы аналық тәжірибесімен өзіне тән мәрттікпен, кеңдікпен бөліседі. Автор #ДАНÁМЕНБАЛА кітабында ұсынған қарым-қатынас технологиялары, өзара сенім мен төзімнің модельдері шынымен таң қалдырады. Үш ұл, бір қыздың анасы Дана Орманбаева тәрбие жүйесін жаңа уақыт талаптарына сай қалыптастырған. Бұл білімнің бәрі тіпті болашақ буындарға да тиімді болары анық. Өйткені бақытты ата-ана болу үшін махаббат пен төзім ғана емес, сонымен қатар білім де қажет.

#ДАНÁМЕНБАЛА ғылыми әдебиет емес, түйгені мол ананың өмір тәжірибесінен алынған. Жалаң сөздер емес, ғылыми негізделген туынды. Автордың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі кітаптың құндылығын, оған деген сенімді арттыра түседі.

Характеристики
Автор Орманбаева Д.
Жанр Книги для родителей
Издательство DPARTNERS
Возраст 16+
Год издания 2020
Размер, мм 210х150х20
Вес, г 340
Переплет Мягкая обложка
Язык Казахский
Страна производитель Казахстан
Отзывы 0
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть