Бекжігітова К.: Жақсы сөз жарым ырыс

Код:
1106139
Есть в наличии
exp_almaty_mar
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 2 992 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание

Бұл әлемде сөзге тең келетін құдірет жоқ. Себебі бір ауыз сөзбен-ақ адамды қуанышқа кенелтіп, бақытты етуге де, көңілін қалдырып ренжітуге де болады. Бұл енді Сіз айтқан сөздің өзгеге тигізер әсеріне қатысты дүние. Ал өз аузыңыздан шыққан сөздің өзіңізге қаншалықты әсер ететінін білесіз бе?

Иә, қызық сұрақ, тосындау сауал. Тосын болатыны, бұл туралы бұрын ойланып көрмептік. Біріміз мән бермесек, енді біріміз ерен санамадық. Ал автор нақ осы тұстан әңгіме өрбітеді. Әрі өзіне қөңілі толмайтындар мен үнемі өмірден бас кешіп жүретіндердің «тіршіліктен түңілу» себебін айқындайды. Міне, осы тұста нағыз құпияның беті ашылады. Ол не? Ол - сөз. Әлі айтылмауы мүмкін, бірақ ол айтушының жадында жатталып, көңілінде бекіген. Бұдан да дәлірек айтсақ, сол адам өз-өзіне өтірік баға беріп, оны миына шегелеп тастаған. Қазір оның көңілі сынық, өзін төмен санауды әдетке айналдырған. Тіпті қолында бәрі болса да, төрт дүниесі түгел болса да, кейбір жандардың жанына әлі де бірдеме жетіспей жүреді.

Енді қараңызшы, айналаңызда осындай көңілі жарым қаншама адам бар? Бәлкім Сіз де солардың ішінде шығарсыз? Әбден мүмкін. Оған кітапты қолыңызға алғанда көзіңіз анық жетеді. Автор жұрттың денін мазалаған осы «аурудың» сырын ғана айтып қоймай, одан «айығудың» жолын да көрсетеді. Қысқасы, бойыңызға сөзбен сіңген «сырқаттың» уытын сөзбен ғана қайтара аласыз. Бұл еңбектің «Жақсы сөз - жарым ырыс» аталу себебі де осында.

Бастысы, автор айтар ойын қарапайым мысалдармен әдемі жеткізген. Жұртқа «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» кітабымен танылып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген Камшат Бекжігітованың бұл еңбегі де оқырманды бей-жай қалдырмасына бек сенімдіміз.

Количество страниц: 136

Характеристики
Артикул 1106139
Автор Бекжігітова К.
Жанр Психология популярная
Издательство PSIHOLOGIA.KZ
Возраст 18+
Год издания 2018
Вес, г 220
Размер, мм 210х139х7
Переплет Мягкая обложка
Страна производитель Казахстан
Язык Казахский
Отзывы 45
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть