1. НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

1.1. Оферта — осы құжат, кез келген жеке тұлғаға (осы құжаттың 4.8. тармағының ережесін ескере отырып) «Меломан» Бонустық клубына қатысу жөніндегі келісімшарт жасасу жайлы жіберілген Ұйымдастырушының жария ұсынымы, Офертада көрсетілген шарттар негізінде.

1.2. Акцепт — қатысушының Сауалнаманы толтыру арқылы Офертаны толық және сөзсіз қабылдауы.

1.3. «Меломан» Бонустық клубы (БК) — бұл оның қатысушыларына "Меломан" сауда желісінің сатып алушыларына сатып алулар және/немесе Бонустық клубта қарастырылған басқа әрекеттерді жасау үшін Бонустар (ұпайлар) алуға және оларды болашақ сатып алулар үшін пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарлама.

1.4. Ұйымдастырушы — "Меломан Home Video" ЖШС, (Орналасқан жері (заңды мекенжайы): 070019, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ, Железнодорожная к, 112; БСН 040840001482) – БК операциялық басқаруын және дамуын, басқаруын қамтамасыз ететін заңды тұлға.

1.5. Клуб қатусушысы — сатып алулар жасаған сатып алушы (жеке тұлға)

  • «Меломан», MARWIN дүкендерінде;
  • www.meloman.kz, www.marwin.kz интернет-дүкендерінде;
  • «Меломан бонустық клубы» мобильді қосымшасында.

Сондай-ақ «Меломан» бонустық клубына қатысуға қатысушы сауалнамасын толтыру арқылы келісімін берген жағдайда.

1.6. «Меломан» сауда желісі — «Меломан», «MARWIN» бөлшек сауда дүкендері; «Меломан бонустық клубы» мобильді қосымшасы; интернет-дүкендер (www.meloman.kz, www.marwin.kz сайттары).

1.7 Бонус — виртуалды шартты бірлік (жеңілдіктің теңгеге шаққандағы мөлшерін анықтайды) – бонустық клуб балы.

Клуб қатысушысы Бонустарды алуға, жинауға және тауарды төлегенде 1 Бонус=1 теңге есебінде, оны ескеруге құқылы.

Осы курс бойынша Бонустар қолма-қол ақша есебіне алмастырылмайды және оларды ақша баламасына ауыстыру құқы берілмейді.

Бонустар болуы мүмкін:

1.7.1 белсенді – төлем жасауға қолжетімді;
1.7.2 шегерілген – төлемге пайдаланылған;
1.7.3 кодталған – тапсырысқа пайдаланылған, бірақ әлі шегерілмеген;
1.7.4 күйіп кеткен – әрекет ету мерзімінде пайдаланылмаған.

1.8 Бонустық шот  — Клуб ұйымдастырушысының клуб Қатысушысына қатысты базадағы есептік және ақпараттық мәліметтер жиынтығы, есептелген/шегерілген/күйіп кеткен Бонустар көлемі және ағымдағы теңгерім.

1.9 Қатысушы сауалнамасы — Сатып алушы «Меломан» Сауда желісі, мобильді қосымшаларында, интернет-дүкендерде ( www.meloman.kz, www.marwin.kz сайттарында) толтыратын электронды сауалнама.

Сауалнамада толтыруға міндетті жолдар::

1.9.1 Клуб Қатысушысың аты-жөні;
1.9.2 Клуб Қатысушысының туған күні, жылы;
1.9.3 Клуб Қатысушысының телефон нөмірі;

Қатысушы сауалнамасын толтыру арқылы қатысушысы автоматты түрде «Меломан» Сауда желісінің бонусты клуб бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Сатып алушының дербес деректерін сақтауға және қолдануға рұқсат береді.

1.10 Бонустық карта — Бонустық клуб қатысушысының виртуалды картасы (электронды карта). Бонустық картаның бірегей сәйкестендіргіші болып бонустық карта ұстаушының телефон нөмірі болып есептеледі, Бонустарды шегеру кезінде нөмірге верификациялау үшін растау коды жазылған хабарлама жіберіледі. Бонустық клуб қатысушыларына нақты карта шығару жоспарда жоқ.

1.11 Мобильді қосымша — «Меломан бонустық клубы» мобильді қосымшасы.

1.12 Жеке кабинет (ЖК) — www.meloman.kz, www.marwin.kz сайттарында немесе мобильді қосымшадағы клуб Қатысушысының жеке парақшасы. Клуб Қатысушысы ЖК тапсырыстар/сатып алулар тарихын және Бонустық шотын көре алады.

1.13 Жеңілдік — Тауар мен қызмет бағасының төмендеу сомасы. Бонустық картаны белсендіру - www.meloman.kz, www.marwin.kz сайттарынде немесе Мобильдің қосымшада бонустық карта нөмірін клуб Қатысушысының ЖК байланыстыру. Белсендіру дегеніміз сауалнама және байланыс ақпаратын толтыру, хабарлама арқылы оларды растау, бонустық карта ережелерімен келісуді білдіреді. Сатып алушының ақпаратты редакциялау мүмкіндігі бар. Ұйымдастырушы байланыс ақпаратын растау сатып алушылардың бонустық шоттарын қорғау үшін және олармен байланыста болу үшін талап етеді.

1.14 Қатысушыны верификациялау — бонустық шоттан Бонустарды рұқсатсыз жұмсаудан қорғау үшін бонустық клуб қатысушының жеке басын растау рәсімі.

Верифиялау іске асырылады:

1.14.1 Клуб Қатысушысы www.meloman.kz, www.marwin.kz сайттарында тапсырысты төлеу кезінде хабарлама арқылы жіберілген кодты енгізу арқылы;
1.14.2 Мобильді қосымшаға кіру арқылы;
1.14.3 Сатып алушы тауарларын төлеу кезінде, клуб Қатысушына жіберілген кодты немесе мобильді қосымшада көрсетілген кодты сатушыға хабарлап, сатушы оны енгізу арқылы іске асырылады.

1.15 Интернет-дүкендер — ұзақ арақашықтықтан сатып алу/сату келісімшарттарын жасасуға арналған www.meloman.kz, www.marwin.kz сайттары.

1.16 Сатып алушы  — «Меломан» Сауда желісінде Тауар (қызмет) алуды іске асыратын жеке тұлға.


2. ОФЕРТА МӘНІ

2.1 «Меломан» Сауда желісінде сауда жасаған кезде Сатып алушыға клуб Қатысушысы болу, бонустық шотта Бонус жинап, осы оферта шарттары бойынша сатып алу ақысын жартылай төлеу ұсынылады. «Меломан» Бонустық клубынына кіру үшін қатысушы Сауалнамасын толтыру және осы құжаттың 4.1. тармағындағы шарттарды ұстану міндеттеледі.


3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 395-бабының 5-тармағына сәйкес шарттың барлық елеулі талаптарын қамтитын ұсыныс, одан ұсыныс жасайтын тұлғаның ұсыныста көрсетілген шарттарда жауап берген кез келген адаммен шарт жасасуға білдірген еркі оферта (жария оферта) деп танылады, ал оферта алған адамның онда көрсетілген шарт талаптарын орындауы ұсынысты жасаған тұлғамен шарт жасасу болып есептеледі.

3.2 Осы Оферта Қазақстан Республикасының аумағында «Меломан» сауда желісіндегі «Меломан» Бонустық клубының Сатып алушыларының қатысу ережелерін тағайындайды.

3.3 Осы офертада көрсетілген барлық шарт пен оның қосымшаларымен келіскен Сатып алушы, сатушы сауда желісінің бонустық клубына қатысу жөніндегі келісімшартқа (ары қарай «Келісімшарт) отыруға мүмкіндігі бар, осы орайда ҚР АК 396 бабының 3 тармағына сәйкес, осы офертада көрсетілген келісімшарт шарттары бойынша келісімшартқа отыруы болып, қатысушының қатысушы Сауалнамасын толтыруы болып табылады. Жоғарыда айтылған мәліметтердің маңыздылығын ескере отырып, осы офертада көрсетілген шарттар бойынша келісімшартқа отыруға ниетті сатып алушыға, оның мәтінімен мұқият танысу кеңес етіледі, қандай да бір тармақпен келіспеген жағдайда, бонустық картаны алудан және оны пайдаланудан бас тарту кеңес етіледі.

3.4 Осы офертаның акцепті болып қатысушы Сауалнамасын толтыру есептеледі.

3.5 «Меломан» бонустық клубының қатысушысы «Меломан» Сауда желісінде сауда жасағаны үшін сыйақы мен қосымша артықшылықтарға ие болады.

3.6 Ұйымдастырушы «Меломан» Бонустық клубының жұмысын біртараптан тоқтатуға құқылы.

3.7 Ұйымдастырушы Клуб Қатысушыларына ескертпей Бонустық клуб ережелерін кез келген уақытта өзгерту құқына ие, мұндай өзгерістер Сайтта жарияланған сәттен бастап өз күшіне енеді. Өзекті (осы сәтте әрекет ететін) шарттар мәтіні келесі мекенжайда жарияланады: www.meloman.kz/app.

3.8 Ұйымдастырушы БК Қатысушысының осы құжатта көрсетілген шарттарды білмегеніне жауапты емес.


4. БОНУСТЫҚ КЛУБҚА ҚОСЫЛУ

4.1 Қосылу ережелері (барлық шарттарды орындау міндеттеледі):

4.1.1 Бонустық картаны ұялы телефон нөмірін көрсету және оны верификациялау арқылы алу.

4.2 Бонустық картаны Жеке кабинетте және мобильді қосымшада белсендіру үшін байланыс ақпаратын растау керек (хабарлама арқылы кодты растау). Байланыс ақпаратын растау кезінде және/немесе клуб Қатысушысы Бонустық картасын белсендіру кезінде өзі жайлы тіркеу үлгісінде көрсетілген сұрақтар бойынша шынайы және толық ақпарат беруге және сол ақпаратты өзекті жағдайда сақтауға міндеттеледі. Егер клуб Қатысушысы қате ақпарат көрсетсе немесе «Меломан» Сауда желісінің клуб Қатысушысының ақпараты толық емес немесе қате деп есептеуге негізі болса, «Меломан» Сауда желісі Сатып алушыға Бонустық клубқа қосылуға рұқсат бермеуге құқылы. Жеке кабинетін сайттан белсендірмеген Сатып алушының Бонустық шоты болмайды және «Меломан» Бонустық клубының қатысушысы болып есептелмейді.

4.3 Бонустық картаны белсендіру Сатып алушы Бонустық клуб Ережелерімен келіскеннен кейін ғана мүмкін.

4.4 Бонустық картаны белсендіру арқылы, Сатып алушы жарнамалық науқандар, Сыйлық Бонустардың күю мерзімі жайлы ақпарат және басқа да ақпараттық және жарнамалық хабарламалар туралы sms алуға келісімін береді.

4.5 Бонустық картаны белсендіргеннен кейін клуб Қатысушысы Бонустың орнына жеңілдік алуға және Бонустық шот жайлы ақпарат алу қолжетімді болады.

4.6 Бір Бонустық картаға верификация жасалатын тек бір ұялы телефон нөмірі сай келеді.

4.7 Бір Жеке кабинетке тек бір Бонустық карта тіркелуі мүмкін.

4.8 Бонустық клуб қатысушысы «Меломан» Сауда желісінің кез келген тауарын сатып алу мәмілесін жасай алатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек әрекетке қабілетті жас шамасына жеткен жеке тұлғалар бола алады.

4.9 Бонустық клуб картасындағы ақпаратты өзгерту бойынша кез келген операция, карта ұстаушыдан жеке тұлғасын растайтын құжаттың беткі бөлігін электронды түрде көрсетуді талап етеді. Бонустық картаны тек карта атына рәсімделген Бонустық клуб қатысушысы ғана қалпына келтіре алады.


5. БОНУСТАРДЫҢ ЕСЕПКЕ ЖАЗЫЛУЫ

5.1 Бонустар есепке жазылады:

5.1.1 «Меломан» желісінің бөлшек сауда және интернет-дүкендерінде сауда жасағаныңыз үшін;
5.1.2 Тауарға жасалған төлем фактісі бойынша.
5.1.3 Бөлшек сауда дүкендерінде бонустардың есепке жазылуы клуб Қатысушысы сатушыға ұялы телефон нөмірін хабарлау арқылы немесе мобильді қосымшадағы QR-код арқылы іске асырылады.

5.2 Басқа науқандармен тұспа-түс келгенде Бонустар, Сыйлық Бонустар және басқа да жеңілдіктер сомасы қосылмайды. Рәсімдеу кезінде тауар науқанға қатысатын болса, Ұйымдастырушы өз таңдауына қарай науқан шарттарына сәйкес жеңілдік ұсынуға немесе Бонустарды есепке жазуға құқылы.

5.3 Жеңілдік және Бонустарды есепке жазу бір мезетте жүргізілмейді.

5.4 Бонустық картаны белсендіргеннен бастап алғашқы сатып алу кезінде Бонустар есепке жазылады.

5.5 Есепке жазылғаннан бастап Бонустардың әрекет ету мерзімі 400 күнтізбелік күн, Осы Келісімшарттың 3.7 тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа. Сыйлық Бонустарға Ұйымдастырушы жеке мерзім тағайындауы мүмкін. Сыйлық Бонустарының әрекет ету мерзімі жарнамалық материалдарда және сайтта көрсетіледі. Пайдаланылмаған Сыйлық Бонустары әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін күйіп кетеді. Күйіп кеткен Бонустар қайта қалпына келтірілмейді.


6. БОНУСТАРДЫ ЖҰМСАУ

6.1 Клуб Қатысушысы жиналған Бонустарды қай кезде және қандай сатып алуға жұмсайтынын өзі шешеді.

6.2 Бонустарды «Меломан» Сауда желісінің бөлшек сауда дүкендеріндегі, мобильді қосымшадағы және интернет-дүкендегі барлық тауарға төлем жасағанда жеңілдік алуға пайдалануға болады. Осы офертаны қабылдағанға дейін жиналған бонустық клуб қатысушысының жеңілдігі бағасы 9-ға аяқталатын ойын консольдері, сандық және тұрмыстық техника, электроника және музыкалық аспаптар, концерт билеттері, спорттық және басқа да шаралар және тауарларға қатысы жоқ.

6.3 Жиналған Бонустар тауар бағасының 50 % дейінгі жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

6.4 Соманың қалған бөлігін бөлшек сауда дүкендерінің желісінде және интернет-дүкенде қолжетімді кез келген тәсілмен төлеуге болады.

6.5 Бонустардың орнына жеңілдікті тек жеке тұлға ала алады.

6.6 Тауарды несиеге алған жағдайда төлем бонус есебінен жүргізілмейді.

6.7 Бір тауарды/тапсырысты төлеу кезінде екі немесе одан да көп Бонустық картада жиналған Бонустар пайдаланылмайды.

6.8 Бонустық шоттар Бонустар тек тауардың төлемі жасалған соң жүргізіледі.

6.9 Жиналған Бонустарды тауарды сатып алу кезінде жеңілдік алуға ғана жұмсауға болады.

6.10 Егер техникалық себеппен Бонустық шоттан Бонустарды есепке жазу немесе шегеру мүмкін болмаса, «Меломан» Сауда желісі ақауды түзеткенге дейін Клуб Қатысушысына операцияны жүргізуге бас тартуға құқылы.


7. САТЫП АЛЫНҒАН ТАУАР ҮШІН ЕСЕПКЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖӘНЕ ШЕГЕРІЛГЕН БОНУСТАРДЫ ҚАЙТАРУ

7.1 Бонустық Клуб бағдарламасы бойынша сатып алынған тауар қайтарылған жағдайда, сатып алу үшін шегерілген Бонустар Клуб Қатысушысының бонустық шотына қайтарылады. Бонустар тауар қайтарылғаннан кейін 14 күн өткен соң қайта белсенді болады. Осы жағдайда, клуб Қатысушысына тауар үшін төленген нақты сома қайтарылады, сатып алу үшін шегерілген Бонустар сомасы қосылмайды.

7.2 Сатып алу үшін Бонустар есепке жазылған сапалы тауар қайтарылғанда, қайтарылған тауар үшін есепке жазылған Бонустар клуб Қатысушысының Бонустық шотынан шегеріледі.


8. «МЕЛОМАН» САУДА ЖЕЛІСІНІҢ САТЫП АЛУШЫЛАРЫНЫҢ, БОНУСТЫҚ КЛУБ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІ

8.1 Клуб Қатысушысы Ұйымдастырушыға «Меломан» Бонустық клубын жүргізу үшін өзіне қатысты дербес деректерін ұсынады және деректерді жинауға, өңдеуге, жүйелендіруге және сақтауға келісімін береді.

8.2 Клуб Қатысушысының Жеке кабинетіндегі дербес деректері, Құпиялық саясаты (ары қарай – Саясат) шарттарына сәйкес Ұйымдастырушымен сақталады және өңделеді.

8.3 Осы Келісімшартта көрсетілген шарттардың 4.1 тармағына сәйкес, Бонустық клубқа қосылу Сатып алушының Саясатпен және онда көрсетілген дербес деректерін өңдеу шарттарымен толық келісетінін білдіреді; осы шарттармен келіспейтін жағдайда Сатып алушы Бонустық клубқа қатысудан бас тартуы тиіс.

8.4 Саясат Сатып алушының Бонустық Клубқа қатысты өңделетін ақпаратқа және Сатып алушыларға ақпараттық және жарнамалық сипаттағы мәліметтерді жіберуге қатысты қолданылады.

8.5 Ұйымдастырушы үшінші тұлға сайттарында қолжетімді сілтемелер арқылы Сатып алушының өтуін және үшінші тұлға сайттарының деректерді өңдеуін, Ұйымдастырушы бақыламайды және бұған жауапкершілік алмайды.

8.6 Ұйымдастырушы Сатып алушы ұсынған жеке деректерінің нақтылығын тексермейді, оның әрекетке қабілеттілігін бағалай алмайды. Алайда Ұйымдастырушы Сатып алушы нақты және жеткілікті дербес деректер бергеніне сенеді және осы ақпаратты белсенді күйде ұстайды.

8.7 Сатып алушының дербес деректерін өңдеудегі мақсат:

8.7.1 Бонустық Клубқа қатысу аясында тарапты сәйкестендіру;
8.7.2 Клуб Қатысушысына тауар алу шарттары бойынша дербестендірілген ұсыныстар ұсыну;
8.7.3 Сатып алушымен байланыста болу, соның ішінде «Меломан» Сауда желісін қолдануға қатысты хабарландырулар, өтінімдер мен ақпараттар жіберу, келісімдер мен келісімшарттардың орындалуын қадағалау, сондай-ақ Сатып алушының өтінімдері мен сұранымдарын өңдеу;
8.7.4 «Меломан» Сауда желісі қызметтерінің сапасын жақсарту, оларды қолдануды ыңғайлы ету, «Меломан» Сауда желісінің жаңа қызметтерін жасап шығару.
8.7.5 Жарнамалық материалдарды таргеттеу;
8.7.6 Иесіздендірілген мәліметтер негізінде статистикалық және басқа да зерттеулер жүргізу.

8.8 Сатып алушылардың дербес деректерін өңдеу кезінде Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңды негізге алады.

8.9 Клуб Қатысушысы Жеке Кабинетінде дербес деректерді редакциялау функциясын пайдаланып, кез келген сәтте ұсынған дербес деректерді немесе бір бөлігін өзгертуге (жаңартуға, толықтыруға) мүмкіндігі бар.

8.10 Егер клуб Қатысушысы дербес деректері ары қарай өңделгенін қаламаса, Ұйымдастырушыға сайттағы shop@meloman.kz мекенжайы бойынша хабарлай алады. Бұрын алынған ақпарат Ұйымдастырушының клиенттер базасынан өшіріледі, ал бонустық шот мен карта – бұғатталады. Картаны ары қарай пайдалану мүмкін болмайды.

8.11 Ұйымдастырушы Сатып алушының жеке деректерінің заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімді болуы, жойылуы, өзгертілуі, бұғатталуы, көшірілуі, таратылуы және үшінші тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданады.

8.12 Ұйымдастырушы Құпиялық саясатына өзгертулер енгізуге құқылы. Өзгертулер енгізілген жағдайда өзекті редакцияда соңғы жаңарту күні көрсетіледі. Саясаттың Жаңа редакциясы жарияланған сәттен бастап өз күшіне енеді, егер басқа жағдай Саясаттың жаңа редакциясында қарастырылмаса.