Выбрать 4 любимые категории И получите скидку или бонусы на покупки
Описание
Бір ғажабы, халық ертегілерінің бәрі де ізгіліктің үстемдік құрып, зұлымдықтың жеңіліс табуымен аяқталады. Кейіпкерлері қаншама кедергіге кезіксе де, ақырында барша мұрат-мақсатына жетеді. Ертегіні оқып отырып, оның ерік-жігері мықты, ержүрек кейіпкерлерімен бірге мұңайып, бірге қуанасың.
Бұл кітапқа да сондай әдемі әсерге бөлейтін «Тоқты қошқар, бұзау бұқа, лақ теке», «Мақта қыз бен мысық», «Арыстан мен түлкі», «Сыбызғы сыры», «Бала патша», «Алтын балық», «Күн астындағы Күнікей қыз» секілді қызықты халық ертегілері еніп отыр.