Роулиң Ж.: Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны

Код:
1206710
Есть в наличии
exp_almaty_mar
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 8 250 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание

КЕЗБЕ СЕРІ қараңғы түнде шамы жарқ етіп алдынан шыға келіп, ШИҚЫЛДАП тоқтай қалғанда, Хәрри Поттер Хогуартстағы тағы бір ерекше оқу жылын бастайтынын сезді. Лорд Волдемортқа сатылған, талай адамды мерт қылған Сириус Блак ТҮРМЕДЕН ҚАШЫП КЕТІПТІ, оның ендігі көздегені Хәрри болса керек. Көріпкелдік сабағында профессор Трелони Хәрридің шай жапырағынан өлім НЫШАНЫН көреді… Бірақ ең СҰМДЫҒЫ – мектепті торыған ДЕМЕНТОРЛАР, олар СҮЙГЕН адамның тірі қалғаннан өлгені артық...

Автор туралы: Ж.К. Роулиң әлемге 1997-2007 жылдар аралығында жарық көрген Хәрри Поттер туралы жеті кітаптың авторы ретінде танылды. Хәрри туралы кітап жазу идеясы автор бірде Манчестерден Лондонға пойызбен бара жатқанда келіпті. Хәрри, Рон мен Хәрмионаның басынан кешкен ғажайып оқиғасы 500 миллион данадан астам таралыммен сатылып, сексеннен астам тілге аударылды және кітап желісімен сегіз блокбастер фильм түсірілді. Хәрри Поттер сериясынан бөлек автор қайырымдылық мақсатта «Ғасырлардан жеткен куидич», «Фантастикалық мақұлықтар және олар мекендейтін аймақтар» (Comіc Relіef және Lumos қорына көмек) және «Бидл Бард туралы ертегілер» (Lumos қорына көмек) атты үш роман жазды. Роулиң Жек Торн және Жон Тиффанимен бірлесіп Хәрри туралы хикаяның жалғасы – «Хәрри Поттер мен қарғыс тиген бала» пьесасын жазды. Премьерасы 2016 жылы Лондонда өткен спектакль қазір Еуропа, Солтүстік Америка және Австралия театрларында қойылып жатыр. Сол жылы «Фантастикалық мақұлықтар және олар мекендейтін аймақтар» фильміне сценарий жазып, сиқырлы хайуандарды зерттеуші Нут Скамандер туралы серияны бастады. Сиқыр әлемі туралы кітаптар жазбаған кезеңдерінде Роулиң шынайы әлемдегі ересектерге арналған романдар жазады. Ол ес білгелі жазушы болуды армандапты, өзінің айтуынша, бөлмеде оңаша қалып жазуға отырғанда «ең бақытты сәтті» бастан кешеді. Роулиң – OBE және Companіon of Honour сынды көптеген марапаттар мен жүлделер, «Blue Peter» алтын төсбелгісінің иегері. Қазір отбасымен бірге Шотландияда тұрады.

Оқырмандар не дейді

«Әу баста қазақ тілінде жазылып, сол тілде жарық көрген туынды дермісің».
Амангелді Мұхамеджан, Талдықорған

«Маған ұнағаны сонша – еріксіз әр кейіпкерге бөлек дауыс беріп оқығанымды соңынан байқаппын».
Данияр Басқар, Алматы

«Сонғы рет бұлай кітап оқығаным есімде жоқ».
Мерей Қуанышбайқызы, Жамбыл

«Рахаттанып оқып отырмын, суретіне тамсанып, аудармасына ғашық болып, кітапты кәдімгідей жеп жатырмын».
Әнуар Жұмабай, Атырау

«Туысыңның басынан кешкендері сияқты әсер етеді. Тілі сондай жатық. Қызық, қай тілде оқысаң да, өз тіліңде оқыған біртүрлі ерекше».
Ақжарқын Қыдырханова, Семей

Характеристики
Автор Роулинг Дж. К.
ISBN 978-9919-9962-1-5
Жанр Детская литература
Издательство Steppe & World Publishing
Возраст 12+
Год издания 2020
Размер, мм 205х136х28
Количество страниц 424
Переплет Твердый переплет
Язык Казахский
Страна производитель Казахстан
Отзывы 11
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть