Безопасная оплата
Возврат 14 дней
Доступна рассрочка на 3 месяцев
Бизнес ашу үшін қалтада мол ақша немесе тіреп тұрған “дөкейіңіз” болуы керек десеңіз, қателесесіз. Басыңызда идея болса және оны жүзеге асыру жолын білсеңіз жеткілікті. Қолыңыздағы кітап сізге дәл осы мәселенің сыр-қырын үйретеді.
Бүгінгінің бизнесмені – кешегі алыпсатар емес. Ол – новатор, өнертапқыш, өз саласына жаңашылдық әкеліп, оны өзгертіп жібере алатын жан. Бизнесінің болашағына сараптама жасап, тәукелдің алдын ала біледі. Нағыз бизнесмен алдымен өзіне, өзінің кәсібіне инвестиция салуды тоқтатпайды. Сіздің кәсіп ашамын деген титтей ниетіңіз болса, бұл еңбек осы мамандықты дұрыс игеріп, нағыз бизнесмен болуды үйретеді.
Кітап авторы – кәсібін шағын ломбардтан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдардың өркендетіп, қаржы компаниясына айналдырған кәсіпкер, меценат. Оның бизнес жолы, жеке тәжірибесі, түйгендері мен білгендері кәсіп бастауға ниетті кез келген оқырман үшін қызықты әрі пайдалы болары сөзсіз.
Артикул | 1231874 |
---|---|
Автор | Тастекей Д |
ISBN | 978-601-06-6734-1 |
Жанр | Бизнес |
Издательство | Ли И |
Возраст | 18+ |
Год издания | 2021 |
Размер, мм | 220x145x20 |
Вес, г | 300 |
Количество страниц | 200 |
Переплет | Твердый переплет |
Язык | Казахский |
Страна производитель | Казахстан |