Ваш город:Алматы
Ваш город: Алматы
«Мұхиттан өткен қайық» – Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде ең көп (17) роман жазған қаламгер Ілияс Есенберлиннің көп қырлы жарқын шығармасы. Автор энциклопедиялық терең білімі, ұшқыр ойы және қарымды қаламымен өз халқының дәуірлер қатпарын қамтитын кең ауқымды тарихи шығармалар жазды. Ол туындылары туған жерінде көптің көңілін баурап, жүрегін жаулады, әрі көптеген тілдерге аударылып, бүкіл әлемге тарады. Алайда, мына «Мұхиттан өткен қайық» өмірбаяндық романы туралы олай айта алмаймыз. Өйткені, ол 1960 жылдардың аяғында бір демде жазылғанымен, әрі қарай... отыз жылға жуық уақыт жарияланбады. Бақытсыз сәбидің өз әке-шешесінің сүйікті перзентіне айналғаны тәрізді, өзекті өртер үміті іспетті шығармасында жазушы өзінің өмірге құштарлығы мен халқын қалтқысыз қалай сүйгенін жасырмай жайып салған екен. Есенберлин көбінесе маңызды кейіпкерлерінің бейнесін ойша тірілтіп, олардың тағдырларын жүрегінің сүзгісінен өткізіп, олар бастан кешкен тарихи оқиғалар ортасында өзі жүргендей, алыста қалған өткен замандарға жи-жиі еніп кететін. Бұл оған сол замандар жайлы өзінше ой түйіндеуге мүмкіндік берді. Бәлкім сондықтан жазушының соңғы романы – «Мұхиттан өткен қайық» соншалықты адамгершілікке толы, әрі нәзік те айқын жазылса керек. Бұл басылым – тек авторды еске алу және талантына тағзым ету ғана емес, сонымен қатар, қазақ әдебиетінің бір тұлғасына қатысты әділдікті қалпына келтіру жолының жалғасы десек те болады
Артикул | 1241839 |
---|---|
Автор | Есенберлин І. |
Год издания | 2021 |
Жанр | Казахская Классика |
Издательство | Книжный клуб |
Возраст | 16+ |
Количество страниц | 368 |
Переплет | Твердый переплет |
Размер, мм | 250x150 |
Вес, г | 502 |
Язык | Казахский |
Страна производитель | Казахстан |